Бұл жайында аталған департаменттің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кедендік органдардың кешенді бағытталған жұмыстарының бірі кедендік алым мен салық. Негізінен алғашқы тоқсанға мемлекет бюджетіне 7 млрд. 517 млн. теңге көлемінде кіріс кіргізу болжанған, алайда алға қойылған міндет 119 пайызға артығымен орындалған. Өткен жылғы дәл осындай уақытпен салыстырғанда бюджетке 7 % немесе 607 млн. теңге артық кіріс кірген.