Табиғат тарту еткен сыйлардың саудасы Алматының «Астана» алаңында өткізілуде. Оған Алматы облысының 16 ауданының және Текелі мен Талдықорған қалаларының ауылшаруашылығы және қайта өндіруші кәсіпорындары қатысуда.
Жәрмеңкеде 84,3 млн. теңгенің өнімінің 54 түрі ұсынылған.
Жәрмеңке кезінде сатылып жатқан тауарлар Алматы базарларының бағаларына қарағанда 15-20 пайызға арзан бағамен сатылуда.