Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев 1961 жылы 22 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қаракастек ауылында дүниеге келген.
1978 жылы В.И.Ленин атындағы Күрті орта мектебін бітірген.
2001 жылы Талғар ауданы Нұр ауылдық округінің әкімі, 2002 жылы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі болған. 2005-2007 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, одан кейін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары. 2009 жылдың мамыр айынан бері облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, 2009 жылдың қыркүйегінен Жамбыл ауданының әкімі қызметтерін атқарды.