АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы облысына жұмыс барысында электр монтері қаза тапты,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, қайғылы оқиға 17 сәуір күні таңертең Іле ауданына қарасты Боралдай елді мекенінде орын алған.
«Монтаждау жұмыстары барысында тоқ соққан электр монтері оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.