Алматы облысында 13 ойын мекемесінің қызметі тоқтатылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облыстық қаржы полициясы департаменті 2012 жылдың жеті айында 13 ойын мекемесінің қызметін анықтап, тоқтатты.

Облыстық қаржы полициясы баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-іздеу шараларының барысында бес «рулетка», 283 ойын аппараты мен толық жиынтығы бар 16 компьютер анықталды. 

Мысалы, 2012 жылдың 31 шілдесінде Талдықорғанның «Мега» ойын залында қаржы полициясының қызметкерлері ақшалай ұтысы бар 19 ойын автоматын алды. Ойын мекемесін заңсыз ашу және ұстау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.