Бүгінде облыста құқық қорғау бағытында 2449 жасақшыдан тұратын 378 қоғамдық құрылым қызмет етуде.
«Қоғамдық жасақтар өзгенің мүлкін ұрлаудың алдын алуда үлкен рөл атқарып жатыр. 2015 жылы қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 143 қылмыс ашылған, соның ішінде 53-і мүлік ұрлау, 19-ы мал ұрлығы. Сондай-ақ жасақшылардың көмегімен 1 мыңдай құқық бұзушылықтың алды кесілді», - деп атап өтті Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Құқық тәртібінің сақталуына талпыныс пен қылмыстардың ашылуына көмектескені үшін облыстың 180-нен астам тұрғыны жалпы сомасы 6 млн теңгенің ақшалай сыйақысын алды.