Алматы облысында 200 келі марихуанамен Өзбекстан азаматы қолға түсті

АСТАНА. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысында 200 келі марихуанамен Өзбекстан азаматы қолға түсті.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде «Абай» саяжай қоғамдастығы аумағынан 52 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды. Алматы қаласында тұрып жатқан одан 90 келіге тарта

марихуана тәркіленіп алынды. Сондай-ақ алаңқайды тінту кезінде тағы жалпы салмағы 110 келіні құрайтын 11 қап табылды», - деп атап өтті Н.Ораз.

Оның айтуынша, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда есірткі заттарын тасымалдау арнасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру, арнайы және тергеу кешенді шаралары жүргізілу үстінде.