«2015 жылдың 18 қазанында түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күшті жауын-шашын күтіледі, таулы аймақтарда ол жылбысқы қарға ауысады, сондай-ақ, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 18-20 қазан аралығында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының, ал 19-20 қазан аралығында Алматы облысының кей жерлерінде ауаның температурасы 0-5 градусқа дейін суытады", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты «Қазгидромет» мемлекеттік кәсіпорны тұрғындарды жолда сақ болуға шақырады.