Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қылмыс 2015 жылғы 6 ақпан күні Жаңатұрмыс ауылында жасалған. Полицейлер мұнда пышақ жарақаттары салынған жергілікті тұрғындардың бірінің денесін тапты.
«Тәртіп сақшылары қылмысты екі ер адам жасағанын анықтады, олардың бірі тәуліктің ішінде ұсталды. Республикалық іздеу жарияланған екіншісін кеше Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен Еңбекшіқазақ АІІД-нің қызметкерлері ұстады», - деп атап өтті облыстық департаментінен.
Қылмысты жасауда күдікті танылған тұлғалар уақытша ұстау абақтысына қамалды. Факті бойынша тергеу амалдарын Еңбекшіқазақ АІІД-нің тергеушілері жалғастырып жатыр.