Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақ бортында болған жолаушылардың барлығы қаза тапты - Төтенше жағдайлар комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Іздеу жұмыстарын ұйымдастыру штабының ақпаратына сәйкес, Алматы облысындағы Қапал елді мекеніне бұрылыстан үш шақырым жерде шатқалда бүгін сағат 8.20-да жоғалған тікұшақ сынықтары табылды. Бортта болған адамдардың бәрі қаза тапқан.

Тікұшақ апаты фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында қажетті жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Жедел желі телефоны жұмыс істеуді жалғастыруда, тәулік ішінде оған 135 рет қоңырау соғылды.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлағандай, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божко оқиға орнына ұшып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше сағат 17:47-де ҚР ТЖД-нің кризистік орталығынан сағат 17:10-да Талдықорған әуежайында қонуы тиіс болған санавиация тікұшағымен байланыс жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Алматы облыстық ТЖД хабарлағандай, тікұшақ сағат 15:45-те Үшарал қаласында сәтті қонып, бортына анасы мен 2 айлық баланы алып, оларды Талдықорған ауруханасына жеткізуі тиіс болған.

Тікұшақ бортында ұшқыш, гематолог дәрігер, санавиция фельдшері, кішкентай бала және оның анасы болған.