Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, полицейлер 65 барымташыны құрықтады. Осыған дейін жасалған 26 қылмыс ашылды.
Операция барысында облыс аумағында 38 блок-пост пен 3 «Рубеж» жүйесінің қоршау бекеті жұмыс жасады. 1362 автокөлік тексеріліп, малды заңсыз тасымалдаудың 5 фактісі анықталды.
Барлығы 161 бас мал ұрланған.