Алматы облысында барымташы ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қазан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Кербұлақ ауданында бір үйір жылқыны ұрлап кеткен күдікті ұсталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 14 бастан тұратын бір үйір жылқы 13 қазанда ұрланды.

Тергеу барысында Жаңалық ауылының 39 жасар тұрығыны ұсталды, ол 14 жылқының 8-інің қайда екенін көрсетті, ал қалған жануарлар іздестірілуде.

Ұсталған азамат Кербұлақ АІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, тергеу жүріп жатыр.