Тергеу амалдары анықтағандай, қылмыстық топ өз әрекеттерін Алматы облысының бес ауданында іске асырған. Оның құрамына 30-44 жастардағы 14 ер адам кірді. Олар Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Алматының тұрғындары болып шықты.
Олардың 47 мал ұрлау оқиғасына қатысы бар екендігі дәлелденді. Жалпы алғанда баукеспелер 200-ден астам жылқыны ұрлаған. Тексеру амалдарының барысында табылған 33 жылқы заңды иелеріне қайтарылды.
Бәрінен бұрын бұл тұрғыда Қарасай ауданының тұрғындары зардап шекті, барымташылар бұл ауданнан 70-тен астам жылқыны ұрлаған. Келтірілген шығын ондаған миллионнан асып жығылады.