Облыстық ІІД хабарлағандай, пышақ жарақатынан қаза тапқан 33 жастағы азамттың денесі Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылында табылған болатын.
Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, қылмысқа ана мен бала арасындағы жанжал себеп болған.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнынан табылған ас үй пышағы айғақ ретінде тәркіленді.