Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Ескелді ауданындағы Көксу өзенінде орын алған. «Таңертең балық аулап жүрген 1983 жылы туылған жігіт суға кетті. Денені іздеу Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты судан құтқару күштерімен жүргізілуде», - делінген ведомствоның хабарламасында.