Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға орнына шыққан полиция қызметкерлері Мазда-Кронус және БМВ көліктерінің соқтығысуынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі жарақаттар алғанын анықтады.
Зардап шеккен адамдардың барлығы Үштөбенің ауруханасына жеткізілді. Полицейлердің алдын ала нұсқасы бойынша, жол апаты қарсы жолаққа шығып кеткен Мазда-Кронус жүргізушісінің кінәсінен болды.
Осыған ұқсас жол апаты Кербұлақ ауданында да орын алды. Алматы-Өскемен тас жолының 146-шы шақырымында Форд-Фокус пен Ауди-100 көліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі Сарыөзек ауылының ауруханасына жатқызылды.
Бірінші оқиғадағыдай, жол апатына көліктердің бірінің қарсы жолаққа шығып кетуі себеп болды.