Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік экологиялық инспектор Ерлан Қойшыбаевтың хабарлауынша, Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1972 жылы бекітіліп, сол уақыттан бері бүкіл әлемде атап өтілуде.
7-10 сынып оқушылары - мектепішілік, аудандық және қалалық экологиялық байқаулардың жеңімпаздары сегіз аталымда жарысты: «экологиялық пейзаждар», «ақындар сайысы», «экологиялық зерттеулер жобасы», «фоторепортаж», «суретшілер байқауы», «икебана».