Алматы облысында елді мекендердің бас жоспарын жасау дәйекті жүргізіліп келеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімдігі сәулет-қала құрылысы құжаттарын және аймақтық қала салу жобаларын жасауға үлкен мән беруде. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, облыс әкімдігі бас жоспарлар жасауды дәйекті жүргізіп келеді. Бүгінгі күнде 16 елдімекенге? Талдықорған қаласына (14,0 млн. теңге), Талғар қаласына (8,0 млн. теңге), Достық кентіне (15,0 млн. теңге), Қапшағай су қоймасының, Алакөлдің, Балқаш көлінің жағажайларына (50,84 млн, теңге) бас жоспар жасалды. Бұдан басқа, 2008 жылы Үлкен және Кіші Алматы өзендері мен Бекенбай (Бутаковка) өзенінің шатқалды жағаларын жоспарлау жобасын жасау үшін облыстық бюджеттен 54,55 млн. теңге бөлінді. Жобалар жасалды және олар қала салудың сараптауына жіберілді. Бас жоспардың жобалық шешімдерін жүзеге асыру мақсатында Талдықорған, Талғар қалалары мен Достық кенті бойынша нақты жоспарлау жобалары жасалды.Қала салу құжаттарын дайындау үшін облыс бюджетінен барлығы 880,76 млн. теңге бөлінді.