«EVRASKON» Еуро-Азиялық құрылыс корпорациясы» ААҚ-да жүргізілген жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру барысында Әзербайжан Республикасының 56 азаматы жұмысқа орналасуға рұқсат құжатын алмастан еңбек еткені анықталған. Бұл Қазақстан республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін аса қажетті құжат болып табылады, - деп атап өтті аудан прокуроры Айдын Төребеков.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша аудан прокуратурасы Панфилов АІІБ бастығының атына заң бұзушылықты жою туралы ұсыным енгізді.
Ұсынымды қарау нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір шетелдіктерді елден шығару мәселесі шешілуде.