Алматы облысында ер адам танысына кек қайтармақ болып, халықаралық авиарейске кедергі жасамақ болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Талғар АІІБ-нің қызметкерлері бұған дейін істі болған Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұсталды.

Ақпанның бірінші аптасында талғарлық кәсіпкер Израильге ұшпақ болған, алайда белгісіз біреуден ұшаққа бомба қойылғаны жөнінде ескерту алған. Полиция қызметкерлері жедел тиісті шараларды ұйымдастырып, күдіктіні ұстап, тергеуге алды. Күдіктінің сөзіне қарағанда, жұмысқа қабылдамаған танысынан осылайша кек қайтармаққа әрекеттеніп, оның Израильге ұшып кетуіне кедергі жасамақ болған.

Қазіргі уақытта лаңкестік актісі туралы жалған ақпарат беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.