Көлікті арнайы қызметтік иттің көмегімен тінту барысында спорттық сөмкенің ішінен есірткі табылған.
Арнайы сарапта барысында аталған заттың марихуана екені анықталды. Салмағы 4 кг 584 гр. Қазір Жамбыл облысы, Шу қаласының 28 жастағы тұрғыны уақытша оқшаулағышқа қамауға алынды.
Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Облыстық Есірткіге қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жол-патрульдік полициясының Алматы-Бішкек бағытындағы бекетінде есірткі тасымалы бойынша осымен 10 факті тіркелді. Бұл жыл басынан бері болған жағдай.
15:48, 28 Қазан 2016
Алматы облысында есірткі тасымалдап жүрген 28 жастағы тұрғын ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында есірткі тасыған 28 жастағы тұрғын ұсталды. «Тойота Эстима» көлігінің жүргізушісі жол-патрульдік полициясының Алматы-Бішкек бағытындағы бекетінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.