Алматы облысында кәсіпорын өзеннен пайдалы қазбаларды рұқсатсыз өндіріп, 8 млн. теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан

ТАЛДЫҚОРҒАН. 12 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Нұр-Тас Б» ЖШС үш жыл бойына Көксу өзенінен заңсыз түрде пайдалы қазбаларды өндірумен айналысқан.

Облыстық прокуратурада хабарлағандай, аталмыш шаруашылық субъекті өзеннен құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз алып келген. Осы арқылы өзен арнасы бұзылып, ал ол өз кезегінде төтенше жағдайларға әкеліп соғуы мүмкін еді.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және оны сату арқылы «Нұр-Тас Б» ЖШС, алдын ала есеп бойынша, 8 852 000 теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан.

Аталмыш факті бойынша прокуратура ҚР ҚК 190 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.