Ауыл шаруашылығы департаментінен хабарлағандай, көктемгі жер жырту жұмыстарын Қарасай, Көксу, Жамбыл, Ескелді, Іле, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласының шаруашылықтары бастап та кетті.
Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Қапшағай аймағының механизаторлары да олардан қалыспай келеді.
Жалпы алғанда 2011 жылдың 11 сәуіріне шаққанда облыс бойынша 8570 гектар жерде ылғал жабылды, 89472 гектар күздік егіс алқаптары мен 91492 гектар көпжылдық шөптер тырмаланды.