Облыстық ІІД хабарлауынша, жанып кеткен Тойота көлігі жүргізушісінің жас шамасы 30-35-те. Қинап өлтіргені байқалмаған. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
07:53, 10 Тамыз 2016
Алматы облысында көлік ішіндегі жүргізушісімен өртеніп кетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылының тұрғындары тамыздың 9-нан 10-на қараған түнде жантүршігерлік жағдайға тап болды. Ауыл іргесінде, күре жолдан 5 шақырым жерде ішінде адамымен жанып кеткен көлікті көріп, тұрғындар 101, 102 қызметтерін шақыртқан.