Облыс прокуратурасынан хабарлағандай, «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі Жібек жолы көшесімен батысқа қарай кетіп бара жатқанында жаяу жүргіншіні басып кетті. Прокурорлар 2005 жылы туған қыз жолдан жаяу жүргіншілер өтетін тұстан өтіп бара жатқан деген фактіні атап көрсетіп отыр. ЖКО салдарынан қыз бала оқиға орнында жантәсілім етті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу алды жұмыстары жүргізіліп жатыр.
18:01, 05 Қараша 2014
Алматы облысында көлік қағып кеткен 9 жасар қыз мерт болды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талғар ауданының Талдыбұлақ ауылында қайғылы оқиға орын алды.