Ағымдағы жылы бұл дақылдың салынған ауданы 1000 гектардай болуда.
Жұмыстың бірінші күндерінде күріш өсірушілер егістіктің 32 гектарының орташа өнімділікпен әр гектарынан 30 центнерден алды. Шаруашылық биылғы жылдың орташа өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 38 ц/га аз болмайды деп күтуде.
«Опытныйда» өсіріліп жатқан күріштің «Пак-Ли», «Үштөбелік», «Суақ», «Заря» сорттарынан басқа биыл 1 гектардан атауы қойылмаған жаңа сорт тұқымының алынуын күтілуде.
Өндірістік ауылшаруашылық кооперативінің жетекшісі Петр Лидің түсіндіруінше, бұл сорттың дәмдік қасиеті тамаша.