Төтенше жағдай орнына азаматтық қорғаныс және ТЖ жөніндегі бас маман, құрылыс бөлімінің маманы және аудандық мәдениет бөлімінің маманы шықты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
08:45, 20 Наурыз 2013
Алматы облысында Мәдениет үйінің шатыры қалың қардан опырылып құлады
АСТАНА. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының Шаған ауылында жұмыс істемей тұрған Мәдениет үйінің шатыры қалың қардан опырылып құлады, оның аумағы 90 шаршы метрді құрады.