Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, белгісіз бір жас жігіт Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылының іргесіндегі «Алматы-Қараой» тас жолының бойында орналасқан май құю стансасында жұмыс істейтін оператор әйелді пышақпен қорқытып, 500 мың теңгені тартып әкеткен.
Жедел іс-шаралардың барысында полицейлер күдіктіні бірнеше сағаттан кейін жақын маңдағы ауылдардың бірінде қолға түсірді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұрланған ақшаның бір бөлігі (52 мың теңге) және пышақ заттай айғақ ретінде тәркіленді, күдікті абақтыға жабылды.