Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың тамыз айында «Қаратал Агротех» ЖШС ұжымы «Арлан» отандық брендімен жүзінші тракторды шығарды. 20-дан бастап 180 ат күшіне дейінгі аралықты қамтитын түрлі қуаттағы трактордың бес түрін қамтитын мамандандырылған техникаларды құрастыру ісі жалғасуда. Өндірістің құрылғанына көп бола қоймаса да, еліміздің көптеген шаруа және фермерлік қожалықтарының басшылары жаңа техниканың басымдықтарын мойындап отыр.
Қазір зауыт аумағында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жеткізуге арналған тракторлардың кезекті тобы сынақтан өткізілуде. Оған қоса зауытта басқа да ауыл шаруашылығы техникалары мен агрегаттары шығарылады.