Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ алты адамнан тұрған, олардың үшеуі Ақсу аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Алдын ала тергеу барысында ұсталғандардың алты іріқара малдың ұрлануына қатысы бар екендігі дәлелденді. Барымташылардың ұрлаған жалпы малдарының саны, бұлтартпайтын деректер бойынша 20 бас іріқарадан асып жығылады.