Алматы облысында полиция инспекторы қару ұстауға рұқсат беретін жалған құжат таратқан

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Қапшағай ҚІІБ-ның лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің инспекторы оқпен ататын және газ-травматикалық қаруды ұстауға заңсыз 29 рұқсат қағазын берген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Облыстық прокуратураның 1-ші басқармасының прокуроры Данияр Арыстанбаевтың хабарлауынша, инспектордың рұқсат қағаздарды ҚР-ның басқа облыстарының тұрғындарына да беріп келгені анықталды. Қазіргі кезде бұл адамдарды анықтау жұмысы жүргізілуде.