Іс материалдарына сәйкес, Қ. Төлепбердиев лауазымды тұлға бола тұра, жер телімін бөлу үшін азамат С-дан 370 000 теңге мөлшерінде пара алған.
Соттың 2015 жылғы 10 тамыздағы үкімімен Қ. Төлепбердиев ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) кінәлі деп танылды. Оған алпыс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 22 200 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырумен қатар, жеке мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.