Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Газель-330» бен «Тойота-Превия» машинасының соқтығысуынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Есік қаласының ауруханасына апарар жолда көз жұмды. «Газельдің» жүргізушісі аздаған жарақат алды.
Жол полиция қызметкерлерінің алдын ала жасаған болжамы бойынша, жол-көлік апаты «Газель» маркалы көлікті басқарған жүргізушінің кінәсінен болған. Ол басқару тетігіне ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.