Облыс соттары жеқорлық қылмыстары бойынша 19 қылмыстық істі қарады. Алматы облысының прокуратурасынан хабарлағандай, сегіз адам - сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталса, үш адам - бөтеннің мүлкін қымқырғаны үшін, екі адам - пара бергені үшін, тағы бір адам - жалған құжаттар жасағаны үшін сотталып отыр.
Сотталғандардың қатарында 1 селолық округ әкімі, 5 ішкі істер қызметкері, 1 білім саласының қызметкері, 2 әділет саласының маманы, 1 жер қатынастары бөлімінің маманы және т. бар.