деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
6 ақпанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек елді мекеніндегі Рысқұлов көшесі бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде газ баллоны жарылып, жалын тілі үйдің шатырын және басқа пәтерді шарпыған. Өрт нәтижесінде үйдің төбе жабыны опырылып түсті.
Өрт жалмаған аудан 120 шаршы метрге жетті. Тілсіз жаудың салдарынан күйік алған 1988 және 1990 жылдары туған екі ер адам, сондай-ақ 46 жастағы бір әйел адам аураханаға жеткізілді. Ал 20 адам басқа жерге көшірілді.
Өртті ауыздықтауға Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.