«Жетісулық құрылысшылар атына айтылған жылы лебізді құттықтау сөздері біздің бұл еңбеккер адамдарға деген ризашылығымыз бен шынайы құрметіміздің аз ғана бөлшегі», - деді облыс әкімі кездесуге шақырылған құрылыс, монтаждық, коммуналдық, сәулет және жобалық ұйымдардың басшыларына арнаған сөздерінде.
Оның айтуынша, облыстағы баспана және әлеуметтік құрылыс көлемдері қарқынды өсу үстінде. Жетісу бұл бағытта республикада көшбасшылар қатарында. Облыс әкімі сәулетшілердің жұмысына жоғары баға берді.
Ағымдағы жылы аймақта 250-ден астам тұрғын үйлер мен ғимараттар салынуда, олардың 200-ден астамы таяуда пайдалануға беріледі.
Алдағы сегіз жылда жеті мыңнан астам шаршы метр баспана салу қарастырылған, жыл сайын орташа алғанда 800 мың шаршы метр салынады.
2012 жылдың өткен алты айы бойынша облыстың құрылысшылары 414 мың шаршы метр тұрғын ауданды салды, жеті мың шаршы метрлік 34 арендалық үйді тапсыру жоспарлануда. Қыркүйекке қарай тағы жүз жетісулық отбасы үш көппәтерлі үйден көптен күткен баспаналарын алады. Облыстық бюджет есебінен 32 коммуналдық үй бой көтерді.
Аймақтағы құрылыс саласының көзге түскен жұмысшылары облыс әкімінің Алғысхаттарымен және грамоталарымен марапатталды. Бірнеше жауапты басшы, құрылыс жұмысын басқарушы, сметашы, инженер «ҚР Құрметті құрылысшысы» атағына ие болды. Олардың арасында Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Борис Татарчук болды.