Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары ұрланған үйірдің ізіне түсіп, жылқыларды бауыздағалы жатқан жерінен алып қалған. Тұлпарлар сол ауданға қарасты Қазақстан ауылының маңынан табылды. Анықталғандай барымташы жылқыларды алып-сатарға өткізіп үлгерген. Өз кезегінде қасапшылар малды союға дайындалып жатқаны белгілі болды.
Айта кету керек, жылқы иесі жоғалған малын бірнеше миллионға бағалаған болатын.
«Мал ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 37 жастағы жергілікті тұрғын күдікті ретінде қамауға алынды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ұрланған жылқыларды сатып алған саудагер де қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Алматы облысында полицейлер жыл басынан бері 1000 басқа жуық малды іздеп тауып, иелеріне қайтарған.