Ведомствоның нақтылай түсуінше, «Митцубиси» көлігінде отырған бала абайсызда көліктің қозғалтқыш тұтқасын іске қосқан. Соның салдарынан орнынан қозғалған көлік жыраға құлаған. Осы кезде жарақат алған бала оқиға орнында қаза тапты.
10:01, 29 Сәуір 2011
Алматы облысында жеңіл көлік жыраға құлап, 8 жасар бала мерт болды
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Алматы облысының Балқаш ауданында ішінде 8 жасар бала отырған машина жыраға құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.