Алматы облысында жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты.

«Жол-көлік апаты түнде Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы тас жолында болды. Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол жиегіне, бордюрге соғылды. Апаттан оқиға орнында үш жолаушы мерт болды. Көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен Еңбекші қазақ ауданының ауруханасына жеткізілді. Жастар су қоймасынан келе жатқаны белгілі», - деп хабарлады өңірдің ІІД.