Жолдағы медициналық құтқару бекеттерін құру Елбасының Жолдауын іске асыру және ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық маңызы бар жолдардың ең қауіпті учаскелерінде жол-көлік оқиғалары кезінде жедел медициналық көмек көрсету, жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында жүргізілуде және ол маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.
Шараға аумақтық мемлекеттік ішкі істер органдары және жол полициясы, денсаулық сақтау басқармасы, жол-пайдалану қызметінің өкілдері қатысты.