Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Жол- көлік апаты Талғар ауданында болды.
«HYUNDAI HD 270» жүк көлігінің жүргізушісі батыс бағытта Ақбұлақ-Талғар тасжолы бойында үш сиырды қағып кеткен. Салдарынан оқиға орнында 33 жастағы жүк көлігінің кабинасында отырған жолаушы мерт болды», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.
Аталған жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.