Жыл аяғына дейін жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Денсаулық сақтау ұйымының 11-іне 1 млрд. теңгеге жөндеу жүргізіледі. Жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге 156 бірлік жабдық сатып алынады. Бұл туралы Талдықорғанда ҚР Президенті жанындағы ОКҚ филиалының ашылуы барысында белгілі болды.