Алматы облысындағы Үңгіртас ауылында газ иісінен уланып бір жасар бала көз жұмды - ҚР ТЖМ

АНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Үңгіртас ауылында тұрғын үй пешін ақауы салдарынан, 4 адам иіспен уланып, ауруханаға жатқызылды, зардап шеккен бір жасар баланың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында аталып өтілгендей, қайғылы оқиға бейсенбі күні сағат 22.10-да болған. «Үй пешінің ақауы салдарынан 4 адам иіс тиіп уланды, бір жасар бала көз жұмды», - деп мәлім етті ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.