Марат Күштібаев 1967 жылы туған. 2002 жылы ҚР ІІМ академиясын тамамдаған. Оның ішкі істер органдарындағы еңбек өтілі - 27 жыл.
Осы уақыт аралығыда өзін білікті басшы ретінде таныта алған жаңа басшыға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жемісті еңбек тілеп, жоғары жетістіктерге жетуді тіледі.
Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпке, тұрмыстық қылмыстарға қарсы күреске жауап береді, жол полициясының қызметін де атқарады.