Журналистермен сұхбаттасу барысында бұл саяси науқанның маңыздылығына тоқталған облыс басшысы Амандық Баталов:
- Қазақстан Республикасы президентінің сайлауына қатысу - әр адамның азаматтық парызы. Еліміздің дамуы мен өркендеуі үшін бұл шараның маңызы зор. Сондықтан Алматы облысының сайлаушылары таңғы сағат 7-ден бастап өзінің және еліміздің болашағы үшін дауыс беруде. Олардың арасында ардагерлер де, жастар да айрықша белсенділік танытып отыр.
Облыста барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру заң аясында өтуде. Заңдылықтың сақталуын шетелдік байқаушылар да қадағалап отыр. Мен де бүгін елдің тыныштығы, бірлігі, дамуы жолында өз таңдауымды жасадым, - деді.
Жалпы облыста сайлаушылар саны 945708 адам. Өңірде жалпы 883 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.