Жалпы конкурсқа республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының облыстағы меншікті тілшілері мен облыстық БАҚ өкілдері - жалпы жүзден астам адам қатысып, олардан 595 мақала, 118 бейне материалдар мен 37 фотосурет түскен. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
12 аталым бойынша өткен конкурста Елбасы Жолдаулары мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын, Мемлекет басшысының әлемдік аренадағы бітімгершілік қызметін, халықаралық бастамаларын, еліміздің дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуын насихаттаған тілшілер мен фототілшілер, телеоператорлардың еңбегі атап өтілді. Олардың арасында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі де бар.