«Бұл мейрамның тарихи тамыры сонау тереңде жатыр, оны қазіргі күні барша мұсылман қауым атап өтуде. Бүгін облыстың барлық мешіттерінде Айт намаз оқылуда», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Сонымен қатар, әкім мешіт алдында жиналғандарды аурулар, аз қамтамасыз етілген отбасылар, жетімдер мен жесірлерге көмек қолын созуға шақырды, ол үшін әр мұсылман азаматы аспанның ризығы - сауапқа ие болатынын атап өтті.
Соңында облыс әкімі Серік Үмбетов жерлестерін құттықтай келе, оларға зор денсаулық, бейбітшілік пен қайыр-шарапат тіледі.