Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құны 137 млн. теңге болатын нысанды «НМС» ЖШС құрылысшылары салды. Төрт қабатты ғимаратта 20 бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар.
Алакөл ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қоныстой иелеріне жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауылдық «Достық» ауруханасының дәрігерлері, жергілікті мектеп мұғалімдері мен шекарашылар бар.