Бұл - жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы облысында оқушыларға есігін айқара ашып отырған екінші жаңа мектеп. Бұған дейін Талғар ауданы Бесағаш ауылында 600 орындық білім ордасы 24 тамызда берілген болатын.
Енді 1 қыркүйек күні өңірде тағы да жаңа 13 мектеп пайдалануға беріледі. Одан басқа, 4 мектеп жаңа жылға дейін қолданысқа берілмек. 29 тамызда облыс әкімі Амандық Баталов Еңбекшіарал ауылындағы жаңа мектептің салтанатты ашылуына қатысып, оқушылар мен мұғалімдерді, ата-аналарды құттықтады.