Алматы облысының полицейлері 33 бірлік атыс қаруын тәркіледі

None
ТАЛДЫҚОРҒАН.  Желтоқсанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Сандуғаш  Дүйсенова/ -   Алматы  облысында    жедел-профилактикалық  іс-шаралар жүргізу барысында   полиция  қызметкерлері  33   бірлік атыс қаруын  тәркіледі, 

 деп  хабарлады    Алматы  облысының Ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен.

Атыс қаруларының 5,5 мың  иесі   тексерілді, 93 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Салынған  айыппұлдың сомасы 118 мың теңгеден  астам соманы    құрады.